Спорттық құзға өрмелеуден ӘЧ: қазақстандық екі спортшы финалға шықты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Спорттық құзға өрмелеуден Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорттық құзға өрмелеуден ӘЧ: қазақстандық екі спортшы финалға шықты

«Жылдамдық» бойынша өткен іріктеуде Әмір Маймұратов пен Ришат Хайбуллин финалға өтті. Маймұратов 11-орын алса, Хайбуллин 16-орыннан көрінген.

Бұл екі спортшының финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бүгін жарыс жолына шыққан Бекнұр Алтынбеков 23, Матвей Есипов 33, Роман Костюков 36-орынға табан тіреді.