Спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі кезеңі тамызда басталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спортттық құзға өрмелеуден әлем кубогі кезеңі 21 тамыз күні Бриансонда (Франция) басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Биылғы маусымдағы кубоктік кезең 3 сәуір күні Швейцарияда басталуы тиіс еді. Алайда, коронавирус індетіне байланысты кейінге шегірілді.
Алты кезеңнен тұратын әлем кубогі кезеңдерін халықаралық федерация 21-22 тамызда Францияда бастайтын болып шешті.
11-12 қыркүйек күндері Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) әлем кубогінің екінші кезеңі ұйымдастырылмақ.
Ал соңғы кезең 4-6 желтоқсан күндері Қытайда өтеді.