Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерi конфедерациясы өз логотипiн таңдады
Еске сала кетейiк, жыл басында 21 қаңтардан 21 ақпан аралығында логотиптi жасақтауға байқау жарияланып, оған Қазақстан, Ресей, Украина, Болгария, АҚШ, Түркия, Израиль және Қырғызстан елдерiнен 300-ден астам дизайнерлер қатысты. Шамамен 900-ден астам жұмыс келiп түстi.
Таңдалған логотип, байқау жеңiмпазы 21 жасар алматылық Елнұр Ақтайлақовқа тиесiлi. Жеңiмпаз Олимпиада чемпионы Серiк Сәпиевтiң қолынан 500 мың теңге көлемiнде сыйақы алды.
Серiк Сәпиевтiң айтуынша, логотип конфедерация рухын көрсетедi. Ол жерден Конфедерация құрамына енетiн 5 спорт түрi бiр шаңырақ астында жұмылған образын көруге болады. Шараға қазақстандық спорт жұлдыздары Серiк Сәпиев, Максим Раков, Гузель Манюрова, Георгий Цурцумия және тағы басқалары қатысты. Айта кетейiк, конфедерация құрамына Қазақстанның Бокс, Дзюдо, Грек-рим, еркiн және әйелдер күресi, Ауыр атлетика, Таэквандо федерациялары енген.