Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Спорттық жүруден Чехия турнирі: Қазақстандық бойжеткен «күміс» еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 жастағы қазақстандық спортшы Екатерина Шлыкова Чехияның Подебрады қаласында 10 км қашықтыққа спорттық жүруден өткен халықаралық жарыста екінші орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Спорттық жүруден Чехия турнирі: Қазақстандық бойжеткен «күміс» еншіледі

12 елден келген 28 спортшының арасында Шлыкова 50:15 нәтижесін көрсетті, бұл оның осыған дейінгі жетістіктерінен 4 минут артық.

Аталмыш жарыста бірінші орынды ирландиялық Орла О'Коннор (49:23) жеңіп алды. Ал неміс Джулия Рихтер үшінші (50:35) болып келді.