СPS компаниясы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша жаңа өндірушілерді Қазақстан нарығына шығаруда
АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда бағдарламалық қамсыздандыру дистрибьютерлерінің бірі «СPS» ЖШҚ компаниясы Қазақстан нарығына бағдарламалық қамсыздандырудың жаңа өндірушілерді шығаруы мен Алматыда ТМД кеңістігінде өзінің жаңа кеңсесін ашатындығы жөнінде мәлімдеді.
Соның негізінде, Grapxisoft, Nero, Corel, Gdata компаниялары Қазақстан нарығында алғашқы қадамдарын жасай бастады. Жаңадан ашылып отырған кеңсенің басшылығына Максим Гребенкин тағайындалды. «Компаниямыз ағымдағы жылдың маусым айынан бастап кәсіпорын ретінде жұмыс істей бастады. Қазірге дейін Қазақстан бойынша 54 компаниямен ресми шарт жасасқан болсақ, 300-ден аса компания әр түрлі өтініштерімен бізге келіп тұрады. Бүгінде Қазақстанның 12-ден астам қаласы мен қырғыз еліне өнімдерімізді тасымалдап отырмыз», деді СPS компаниясының атқарушы директоры Максим Гребенкин.
Сонымен қатар ол әр түрлі сауда желілері арқылы мемлекеттік, коммерциялық құрылымдармен, құқық қорғаушылар және Алматы қалалық ҰҚК-мен жұмыс жүргізіп отырғандарын да мәлім етті. Ол бойынша, қызметкерлер бағдарламалық қамсыздандырулар бойынша оқытылады.
СPS (Center of Professional Software) - заманауи ақпараттық технологияларды алға жылжытуға бағдарланған компания. Оның дистрибьютерлік қоржынына 100-ден астам ресейлік және шетелдік вендор кіреді. 1993 жылдан бастап нарықта қызмет етіп келеді. Ол Мәскеу мен Санкт-Петерборда ғана емес, Ресейдің өзге де аймақтарында және ТМД аумағында 2200-ден астам компаниялардан тұратын тармақталған әріптестік желісіне ие.