Стационарды еркін таңдау құқығын жүзеге асырғандардың 46 пайызын ауыл халқы құрап отыр - С.Қайырбекова

«Туберкулезбен күрес біз үшін маңызды міндет болып қала береді. Дәл осы құрт ауруына шалдығатындар мен одан болатын өлім-жітім көрсеткішінің төмендегеніне қарамастан, бұл мәселе әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Сондықтан да, біз құрт ауруын ерте кезден анықтау мен оның диагнозы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмекті күшейттік», - деді министр. Оның айтуынша, бұл бағыттағы негізгі екпін 2012 жылы Ішкі істер министрлігінің жабық мекемелерінде ауруға шалдыққандарды емдеуге негізделген.
«Сонымен қатар, 2010 жылдан бері енгізіліп келе жатқан Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі пациентке бағдарланған денсаулық жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Стационарды еркін таңдау құқығын азаматтарға ұсыну арқасында ондай көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Ал мұндай науқастар саны 2010 жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артып, 800 мың адамды құрап отыр. Бір қуантарлығы, мұндай құқықты жүзеге асырғандар арасында ауыл халқының үлесі 46 пайызға жетті», - деді Салидат Қайырбекова.