11:00, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Сталинге ұқсайтын мысық ғаламтор жұлдызына айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияда 23 жастағы Осло тұрғыны Энн Софи өз мысығын кеңес мемлекеттік қайраткері Иосиф Сталинге ұқсатты, деп хабарлады 24.kz.
Қыз мысығын Иосифке ұқсатып, Мяуосиф деп атаған, деп жазды британиялық басылым Daily Mail.
Энн Софи Мяуосифті өткен жылдың мамырында норвегиялық сайттан көріп, оның ерекше мұртын ұнатқандықтан алған.
Сталинге ұқсас мысық бірден әлеуметтік желілерде жұлдызға айналды. Жануардың Instagram-да парақшасы пайда болды. Мысықтың парақшасына 9 мыңнан астам адам жазылған.