Сталиннің немересi 100 миллион рубльге Мемлекеттiк думаға қарсы талап қойды

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сталиннің немересi Евгений Джугашвили ар-намыс және абыройын қорғау туралы Жоғары сотқа талап қойды. РФКП ресми сайтында хабарланғандай, оған поляк әскери тұтқындарының Иосиф Сталинның тікелей нұсқауы бойынша атып өлтiрілуіне сәйкес Катынь туралы депутаттардың арызы себеп болған, деп хабарлайды РБК.

Сталиннің немересi 100 миллион рубльге Мемлекеттiк думаға қарсы талап қойды

Е.Джугашвили депутаттардың мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейтінін мойындауды талап етуде, сондай-ақ осы мәлімдемеге дауыс берген 342 депутаттан өтемақы ретінде 100 млн. рубль төлеттіріп алмақшы.

Талапкер «Катынь трагедиясы және оның құрбандары» туралы мәлімдемесін қайтарып алуды Мемлекеттiк думадан талап етуде.