Сталиннің үшінші ескерткіші 8 мамыр күні Якутскіде ашылады

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында Якутскіде Иосиф Сталиннің бюсті ашылады.
None
None

Генералиссимусқа арналған ескерткіш "Алмазы Анабара" компаниясының кеңсесі алаңында орнатылады. Қазір жұмысшылар тұғырды өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

Ескерткіштің ашылу салтанаты 8 мамырға белгіленіп отыр, деп хабарлайды Ykt.ru.

Бұл Якутиядағы Сталиннің қайта жөндеуден өткен үшінші ескерткіші. Біріншісі 2005 жылы Отан соғысының ардагерлерінің өтініші бойынша Мирный қаласында, ал екіншісі 2009 жылы Якутскінің Амга атты кентінде орнатылған.

Соңғы жаңалықтар