Сталкинг: Сенатор Әкімшілік кодекске өзгертулер енгізуді ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Сенатор Жанна Асанова әлеуметтік желіде жиі байқалатын сталкинг құбылысына орай Әкімшілік кодекске өзгертулер енгізуді ұсынды.

сенатор
Фото: ҚР Парламені Сенатының баспасөз қызметі

«Қазір проблема көп. Бұл негізінен жалпы қоғамның проблемасы сияқты. Және де бір заңмен бәрін шеше салуымыз неғайбыл. Бізге сананы өзгерту, барлық институттармен жұмыс істеу қажет. Жалпы, бұл (тұрмыстық зорлық-зомбылық – ред.) – жан-жақты, күрделі проблемалардың бірі. Интернет кеңістігінің пайда болуымен қатар тың сын-тегеуіріндер де шығып жатыр... Әлеуметтік желі мәселесін тегін көтеріп отырғаным жоқ. Бізде әлеуметтік желіде сталкинг (сталкинг — жеке адамның немесе топтың басқа адамды қадағалап, аңдып жүруі) деген құбылыс бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, елімізде сталкинг мәселесі заңмен реттелмеген. Сондықтан бұл проблемаға да назар аударып, Әкімшілік кодекске тиісті өзгертулер енгізген жөн.

Иностранец организовал тайник в грузовике для нелегальной миграции в Казахстан
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда заңсыз миграция арнасы: жүк көлігіндегі құпия орын әшкереленді