Стамбул: Дәрігерлер прокурордың өмірін құтқара алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер басына 3 оқ тиген Ыстамбұл Әділет сотының прокуроры Мехмет Селим Кираздың өміріне араша түсе алмады. Бес жерінен жараланған прокурор ауруханада жан тапсырды, деп жазады 24.kz.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Халықты азат ету революциялық партиясының мүшелері Ыстамбұл қаласының прокуроры Мехмет Киразды кепілдікке алған болатын. Прокурор 2013 жылы жаппай тәртіпсіздік шаралары кезінде басына жарақат алып, қайтыс болған бозбала Беркин Елванның ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізген.

Қылмыскерлер жергілікті уақыт бойынша 15:35-ке дейін Беркиннің өліміне кінәлі тәртіп сақшысы ұсталып, жауапқа тартылмаса прокурорды өлтіреміз деп мәлімдеген еді.

 

Соңғы жаңалықтар