Стамбұл полициясы полицей учаскесіне шабуыл жасаған екі әйелді атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік полицейлері Стамбұлдағы полицей учаскесіне қарай гранаталар лақтырып, оқ атқан екі әйелді атып өлтірді.

Стамбұл полициясы полицей учаскесіне шабуыл жасаған екі әйелді атып өлтірді

Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап BBC хабарлағандай, шабуылдан кейін әйелдер іздерін суытып үлгерді. Полиция оларды іздеп, Байрампаша ауданындағы ғимараттан тапты.

Алдын ала болжамдарға сәйкес, операция барысында осылардан басқа ешкім жапа шекпеді.

Жауапкершілікті еш топ мойнына алмады, алайда бұрын осыған ұқсас шабуылдарды «Революциялық халықтық азат ету партиясы (фронт)» ұйымдастырған.

Өткен жылы қаңтардың басында топ Стамбұлда жарылғыш затын іске қосқан әйелге қатысты қылмысты мойнына алған. Ол кезде тәртіп сақшысы қаза тапқан еді.