Стамбул провинциясында белгісіз біреу шатырдың төбесінен оқ атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбул провинциясының аудандарының бірінде белгісіз біреу мылтықпен оқ атты. Бұл туралы сейсенбі күні Habertürk арнасы хабарлады.

Стамбул провинциясында белгісіз біреу шатырдың төбесінен оқ атты

Осы оқиғаға қатысты мәліметтерге қарағанда, Эсеньюрт ауданында ер адам ғимараттың шатырына шығып алып, оқ ата бастаған, деп хабарлайды ТАСС.

Полиция қызметкерлері онымен келіссөз жүргізуге тырысып жатыр. Оқиға туралы өзге мәліметтер әзірге белгісіз.