Ыстанбұлдың Таксим алаңындағы шеруде 200-ден астам адам ұсталды

Стамбулдың Таксим алаңындағы шеруде 200-ден астам адам ұсталды
Фото: armenianreport.com

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия полициясы Ыстанбұлда 1 мамырдағы шеруді таратты. Ол жерден 200-ден астам адам ұсталды. Бұл туралы BBC жазды.

«Ыстанбұл біздің ескертулерімізге құлақ аспай, Таксим алаңына барып, 1 мамыр Еңбек және ынтымақ күні полиция қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болған 210 адам ұсталды», - деп жазды Ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін түрік арнайы жасағы алаңға жақындаған демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды қолданған. Кейбір шерушілер тосқауылды бұзып өтпек болған полиция қызметкерлеріне тас лақтырған.

Саяси партиялардың өкілдері мен кәсіподақ мүшелері сәрсенбі күні таңертең Сарачан ауданында жиналып, инфляцияның өсуіне және экономикалық қиындықтарға наразылық білдіру үшін Таксим алаңына шеруге шықты.

Ыстанбұл билігі қауіпсіздік мақсатында Таксим алаңында шеру өткізуге тыйым салды.

Соңғы жаңалықтар