Standard & Poor's «2009 жылғы қазақстандық компаниялардың ақпараттық ашықтығы зерттеуі» есебін жариялады
АЛМАТЫ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Мәскеуде Standard & Poor's Корпоративтік басқару рейтингі қызметі «2009 жылғы қазақстандық компаниялардың ақпараттық ашықтығы зерттеуі» есебін жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда қазақстандық 22 бұқаралық компанияның орташа ақпараттық ашықтығы 44 пайыз болды. Олардың ішінде ең ашығы «ҚазМұнайГаз. Барлау. Өндіру» АҚ-ы (67 пайыз) болды. Одан кейінгі 60 пайыздан жоғары көрсеткіш ENRC, «Қазақмыс ПЛС» пен «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның үлесіне тиді.
Бұл Standard & Poor's-тің Қазақстанға қатысты алғашқы есебі болып отыр. Онда зерттеу әдістемесінің негізі 110 өлшем болды.Олар - меншік құрылымы және акционерлер құқы, қаржылық және операциялық ақпарат, Директорлар кеңесінің құрамы, жұмыс үдерісі және менеджмент деп аталатын 3 блокқа топтастырылды.