Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін тағы да тұрақты деп бағалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты». Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар — ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Бұл ретте елдің өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына айтарлықтай оң әсер етеді. Агенттік ҚР Үкіметімен бірлескен талқылаулардан кейін, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың салдарын еңсеруге болатынын айтты.

Сонымен бірге, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалындағы өткізу қабілетінің төмендеуі уақытша және Қазақстанның экспорттық мұнай жеткізілімінің айтарлықтай үзілісіне алып келмейді. Жалпы, S&P елдің тұрақты мемлекеттік және сыртқы баланстары, мұнай мен алтын бағасының өсуімен қатар, сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті екенін атап өтеді.

Standard&Poor's деректеріне қарағанда, Қазақстан экономикасының өсуі 2022 жылы 2% деңгейінде болжанып отыр.

Еске салсақ, 5 наурызда Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растап, «Тұрақты» деп болжам жасаған болатын.



Соңғы жаңалықтар