Standard & Poor's несиелік рейтингтер қызметі Қазақстанның рейтингтері бойынша болжамды «Жағымсыздан» «Орнықтыға» өзгертті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Standard & Poor's несиелік рейтингтер қызметі мамырдың 8-інде Қазақстан Республикасының рейтингтері бойынша болжамды «Жағымсыздан» «Орнықтыға» өзгертті.
Оған қоса Қазақстан Республикасының шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақмерзімдік несие рейтингтері -сәйкесінше «BBB-» және «BBB» рейтингтері расталды. Және «А-3» қысқамерзімдік егемен несиелік рейтингі мен «kzААА» ұлттық бағамы бойынша рейтинг те қуатталды. Ал қазақстандық тәуелді заемшылар үшін валютаны ауыстыру және конвертациялаудың тәуекелін бағамы - «ВВВ» деңгейінде қалып отыр. Сарапшылар, Қазақстан Республикасының Үкіметі банк жүйесінде проблемалармен байланысты әлеуетті шартты міндеттемелердің көлемін шектейді және жақын келешекте орын алуы мүмкін қиыншылықтарға қарамастан экономиканы қолдауды қамтамасыз ете отырып, банк жүйесіне жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және салымшылардың сенімін қолдау үшін жеткілікті ресурстар табады, деп күтуде. Standard & Poor's агенттігінің несиелік аналитигі Бен Фолкстың мәлім етуінше, болжамның қайта қаралуы банк секторындағы проблемалармен байланысты әлеуетті шартты міндеттемелердің көлемін шектеуге, салымшылардың сенімін қолдауға жеткілікті ресурстарды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Үкіметінің жаңа стратегиясын мазмұндайды. Ол ресурстар банк жүйесіне қалыпты жұмыс істеп, экономиканы қолдауға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
telegram