Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.

Станислав Черчесов
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

- Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді! Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазақстанның футбол федерациясы Черчесовтің отставкаға кетуі жөнінде мәлімдеме жасаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар