Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы мақсаты туралы айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының UEFA Ұлттар лигасындағы мақсаты туралы баяндады. Бұ туралы Sports.kz жазды.
«Алдымызда маңызды ойындар бар. Біз спортшылармыз. Жанкүйерлер сенім артқаннан кейін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек. Ұлттар лигасында алдымызға үлкен мақсат қоямыз. Біз жоқ дегенде В дивизионында қалуға тиістіміз. Бірақ ең маңызды міндет – әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындалу», - деді Черчесов.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өткенін жазған едік.