Starship кемесі бар зымыран ұшырылғаннан кейін төрт минутта жарылып кетті

НЬЮ-ЙОРК. ТАСС – ҚазАқпарат – Starship ғарыш кемесінің прототипі бар зымыран-тасығыш ұшырылғаннан кейін төрт минут өткенде жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Starship кемесі бар зымыран ұшырылғаннан кейін төрт минутта жарылып кетті
Фото: tass.ru

Трансляция SpaceX компаниясының сайтында жүргізіледі.

Трансляция кадрларынан байқағанымыз бойынша, 120 метрлік зымыран старттан екі жарым минут өткенде 38 шақырым биікке көтерілгеннен кейін, бақылауға келмейтіндей айнала бастады.

Бір жарым минут өткенде жарылыс болды.

SpaceX сайтының трансляциясын жүргізушілер егер зымыран старттық үстелден бөлініп ұшса, сынақ сәтті өтті деп есептелетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, үш күн бұрын Илон Масктың SpaceX компаниясы құрастырған космонавтика тарихындағы ең үлкен «Starship» зымыранының көкке көтерілуіне 5 минут қалғанда ұшыру кейінге қалғанын жазған едік.