«Startup «Bolashak» байқауының II маусымының сыйлықтар қоры 30 млн теңгеден асады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» қауымдастығы «Даму» қорымен бірлесіп ісін жаңа ашқан кәсіпкерлер бизнес-жобаларының республикалық байқауының екінші маусымы ашылғаны туралы жариялады.

«Startup «Bolashak» байқауының II маусымының сыйлықтар қоры 30 млн теңгеден асады

«Startup «Bolashak» байқауының II маусымының сыйлықтар қоры 30 млн теңгеден асады.

«Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жасы 18-ден 29-ға дейінгі  жастар қатыса алады. 

Стартап жобаларының байқауында I-орын үшін - 7 млн теңге, II-орын үшін - 6 млн теңге және ІІІ-орын үшін 5 млн теңге көлемінде берілетін «Болашақ» қауымдастығының 3 гранты  қарастырылған. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды іске асыру үшін бөлген қаржысы аясында 15 млн теңге грант береді.

Бұдан бөлек, қызықты идеялардың авторлары инвесторлардан инвестиция және «Даму» қорынан қолдау ала алатын болады. 

Байқауға қатысуға арналған өтініштер 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады. «Даму» қорының барлық өңірлерде кәсіпкерлер үшін ашылған қызмет көрсету орталықтары құжаттарды қабылдайды. Жеңімпаздар қарашаның 26-сы өтетін Бизнес-жоспарлар марафонында анықталады.