«Startup«Bolashak» байқауының жеңімпаздары 48 миллион теңге алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабар телеарнасында «Startup «Bolashak» реалити-шоуының екінші кезеңінің көрсетілімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Болашақ» қауымдастығына сілтеме жасап.
Байқауға Қазақстанның барлық аумағынан 18 бен 29 жас аралығындағы жастар және құрамы 5 адамнан құралған топтар қатысты.
Қазылар алқасы тыңғылықты таңдау барысында 2 752 өтініштен 26 бизнес-идеяны таңдап алды. Олардың авторлары «Startup «Bolashak» байқауының екінші кезеңіне жолдам алды.
Реалити-шоу барысында қатысушылар өз тәлімгерлерінің қадағалауымен жобаларды қорғауды үйреніп, бизнесті жүргізу мектебінен өтті.
Байқау қорытындысы бойынша, І орынды Назым Мұсабекова (Өтенай ауылы, Алматы облысы.) "Аквамәдениетті қалыптастыру арқылы Үшкөл көлінің тартылуының алдын алу" жобасымен иеленді. Ол өз экологиялық жобасын дамыту үшін 7 млн теңге алды.
«Zertis Agro" Эко ферма 4.0» жобасымен 2-орын алған алматылық Диас Тастанбеков өз жобасы үшін 6 млн теңге иеленді.
Жезқазғандық Алексей Лидің «Электроник» өскелең ұрпаққа арналған иннопарк» жобасы 3-орынға лайықталып, ол 5 млн теңге алды.
Еуропалық Кеңестің қаржылай қолдауымен БҰҰ дамыту бағдарламасының 5 миллиондық 3 грантын Назым Мусабекова, Алексей Ли және Нұргүл Сейтбекова "Қол жетімді. Ыңғайлы. Әдемі" жобасы бойынша иеленді. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға бағытталған киімдерді тігу және сатуға негізделген.
Сонымен қатар байқау қазылары болашағы бар деген жобаларға 15 млн теңгедейтікелей инвестиция құйды.
Ғалым Бәйтімбетовтің мектеп, колледж және ЖОО қатысушыларына арналған сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған «AquaPoint» жобасын Серікбай Бисекеев 3 млн теңгеге қаржыландырды.
Серік Бисекеев пен Ерлан Оспанов «ZertisAgro» Эко ферма 4.0» атты жобаның авторы Диас Тастанбековке әрқайсысы 2 млн теңгеден берді.
Ералы Сауранбаев жас технологиялық кәсіпкер Алексей Лидің «Электроник» өскелең ұрпаққа арналған иннопарк» жобасы үшін 2 млн теңге ұсынды.
Қайрат Құдайберген Алексей Лиге («Электроник» өскелең ұрпаққа арналған иннопаркы») 3 млн теңге және Диаса Тастанбековке («ZertisAgro» Эко ферма 4.0») 2 млн теңге қаржы салды.
Алмас Құдайберген Нұргүл Сейтбекованың («Қол жетімді. Ыңғайлы. Әдемі») жобасына - 1 млн теңге инвестиция салды.
Осыған сәйкес, «Startup «Bolashak» байқауының 2 кезеңінде бизнес-жобаларды қолдау үшін барлығы 48 млн теңге қаржы бөлінді.