СТАТИСТИКА: 2015 жылы Қазақстанда көлiк шығару 32 пайызға азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың бiрiншi тоқсанында Қазақстанда көлiк шығару 32 пайызға азайды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң төрағасы Әлихан Смайылов мәлiм еттi.
«Автокөлiк өндiрiсi бойынша қаңтар-наурыз аралығындағы индексi 68 пайызды құрады, яғни 2015 жылдың бiрiншi тоқсанында Қазақстанда көлiк шығару 32 пайызға азайды. Олардың iшнде жеңiл, жүк көлiктерi мен автобустар бар. Негiзiнен ол «Азия Авто-Шығыс», Семейдегi «Камаз-инжиниринг», сондай-ақ Қостанай облысындағы өндiрiстердiң баяулауынан орын алуда», - деп атап өттi ол.