Статистика агенттігі ағымдағы жылы шығындарды үнемдеу бойынша қосымша шараларды қабылдауды жоспарлап отыр

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылы Статистика агенттігі шығындарды үнемдеу бойынша қосымша шараларды қабылдауды жоспарлап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін аталмыш Агенттіктің кеңейтілген алқа мәжілісінде оның басшысы Анар Мешімбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, 2009 жылы IP телефондандыруды енгізу, кеңсе тауарлары және шығынды материалдар бойынша нормативтік шығындарды қатаңдату сияқты бірқатар үнемдеу шаралары жүргізілмек. Осы орайда Қазақстан бойынша шамамен 500 нүкте агенттік қызметкерлері арасындағы тегін телефон желісіне қосылады. Бұл жылына 10-15 млн. теңгені үнемдеуге мүмкіндік бермек. Ал, кеңсе тауарлары және шығынды материалдар бойынша үнемделетін қаржы 3 млн. теңгені құрайтын болады. А. Мешімбаева 2009 жылы Агенттіктің шығындары 6 млрд. теңгені құрайтынын атап өтті. 2008 жылы бұл көрсеткіш 4,9 млрд. теңге болған.
Соңғы жаңалықтар