Статистика агенттігі: Наурызда жұмыстан босатылғандардың 77,3 пайызы - өз еркімен кетті

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес, 2012 жылғы наурызда ірi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға 65,2 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 65,7 мың адам жұмыстан кетті.

Статистика агенттігі: Наурызда жұмыстан босатылғандардың 77,3 пайызы - өз еркімен кетті

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 77,3 пайыз, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты -2,4 пайызды, басқа себептер бойынша - 20,3 пайызды құрайды.

2012 жылғы наурыз айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,1 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,1 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,7 пайызды құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 99,3 пайыз көрсеткішінде.