Статистика агенттігіне жабдықтарды жаңғыртуға 700 миллионға жуық қаржы қажет - Ә. Смайылов

қпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Статистика агенттігіне жабдықтарды жаңғыртуға биыл 700 миллионға жуық қаржы қажет. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті,

Статистика агенттігіне жабдықтарды жаңғыртуға 700 миллионға жуық қаржы қажет - Ә. Смайылов

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тиісті жабдықтар мен жүйелік жабдықтарды, сондай-ақ серверлік жабдықтарды жаңарту үшін биыл 700 миллион теңгеге жуық қаржы қажет. Бұл сәйкес бюджеттік мәлімдеме. Ол ағымдағы жылдағы бюджетті нақтылау кезінде қарастырылмақ»,-деді Агенттік басшысы.

Айта кетейік, Статистика агенттігінің алқа мәжілісінде Үкіметтен 2010 жылғы бюджетті нақтылау кезінде активті желілік жабдықты және құрылымдық кабельді желіні сатып алуға қолдау көрсету мәселесі көтерілген болатын. Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, Агенттік қосымша 2010 жылға 670 миллион теңге сұрап отыр. Оның 525 миллионы белсенді желілік жабдықтармен, құрылымдарды кабельдік желі құрылғыларымен жасақтауға жұмсалмақ. «Қазіргі жабдықтар 90-шы жылдардың басында алынған. Олар физикалық және моральдық жағынан әбден тозған. Оның үстіне инфрақұрылымдарымыз Алматы қаласында орналасқан. Біз орталықты Астана қаласында жасақтауымыз керек. Осыған байланысты аталған қаржыға жабдықтарды жаңартамыз», деді Ә. Смайылов алқа мәжілісінде.