Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А. Мешімбаеваны Қазақстан БАӘ-ден экстрадициялау үдерісін шапшаңдатуға ниетті -И. Меркель

АСТАНА.  4 қазан. ҚазАқпарат -Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.  Мешімбаеваны Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялау үдерісін шапшаңдатуға ниетті.
None
None

Бүгін Парламент Сенатында өткен жалпы отырыстан соң журналистерге берген сұхбатында ҚР бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай мәлім етті.

«Жақын күндері біз Сыртқы істер министрінің орынбасары деңгейінде Араб Әмірлігіне мемлекеттік сапар жасап қалуымыз әбден мүмкін. Сонымен қатар, еліміздің бас прокуроры немесе оның орынбасарларының бірі де сол сапарға бірге баруы мүмкін. Дегенмен, бұның қалай және қашан болатынын нақты айта алмаймын, алайда Араб Әмірліктеріне сапар міндетті түрде болады. Өйткені, осы елде қазіргі күні біздің оншақты азаматтарымыз жүр. Олар баяғы тендерлерге қатысты делінетін шенеуніктер, бизнесмендер», - деді И. Меркель.

Сонымен қатар, Бас прокурордың орынбасары іздеуде жүрген А. Мешімбаеваның әлі күнге Біріккен Араб Әмірліктерінде жүргенін нақтылады. «Біз оны қайтару үдерісін шапшаңдатқымыз келеді. Өйткені, қылмыстық істер әлі жатыр, әділдік қағидатына салсақ, ол істер жатпай сотқа жолдануы керек еді», - деді И. Меркель.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында  «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңдары қабылданды.

Соңғы жаңалықтар