Статистика агенттігінің төрағасы ведомство сайтындағы мәліметтердің қазақ тіліне толығымен аударылатынын айтты

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада www.bnews.kz порталында болған он-лайн конференцияда ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның сайты жақын арада толығымен қазақ тіліне көшетінін айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Статистика агенттігінің сайтындағы мәліметтер неге мемлекеттік тілге толық аударылмаған?»-деген сауалға Ә. Смайылов, «агенттіктің Интернет ресурстарындағы ақпараттар бүгінде 90 пайыз мемлекеттік тілде орналастырылған. Біз өзіміздің сайтты бұдан әрі жетілдірудеміз. Дегенмен де, мойындау керек, мемлекеттік тілге аударып үлгермеген мартериалдар бар»,-деп жауап қайтарды. Осы тұрғыда агенттік төрағасы жақын арада барлық материал мемлекеттік тілде жазылатынына уәде етті.

Соңғы жаңалықтар