Статистика бойынша суға бату қайғылы оқиғаларының 99,9 пайызы еліміздің жабдықталмаған су қоймаларына тиесілі - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Биылғы жарты жылда 6 айда еліміздің су айдындарында 513 адам, оның ішінде 141 бала зардап шекті. Министрліктің суда құтқару қызметінің құтқарушылары соның ішінде 349 адамды (оның ішінде 112 баланы) құтқарды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Статистика бойынша суға бату қайғылы оқиғаларының 99,9 пайызы еліміздің жабдықталмаған су қоймаларына тиесілі - ҚР ТЖМ

Жалпы аталған мерзімде 164 адам, оның ішінде 29 бала суға кетті.

«Жүргізілген сапалы алдын алу-профилактикалық жұмыстың арқасында 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда еліміздің су айдындарында зардап шеккендердің саны 48 пайызға, ал суға кеткендердің саны 32 пайызға азайды. Статистика оқыс оқиғалардың 99,9 пайызы еліміздің жабдықталмаған су айдындарында болатынын көрсетеді. Қазіргі уақытта елімізде 348 ресми суға түсу орны (оның ішінде 116 балалар жағажайлары) жұмыс істейді», - дейді министр.

Еліміздің су айдындарда адамдар қаза болуына негізінен жүзе білмеу және өз күштерін жете бағаламау (78 оқиға, суға кеткендердің жалпы санының 48%-ы), мас күйінде суға шомылу (57 оқиға, суға кеткендердің жалпы санының 35%-ы), балалардың ересек адамдардың қарауынсыз су айдындарының маңында жүруі (29 оқиға, суға кеткендердің жалпы санының 17%-ы) себепті.