Статистика: Головкин Альвареске 703 соққы жасаған
Мәліметтерде, Головкин қарсыласына 703 соққы жасап, оның 218-ін дәл тигізген (31 пайыз). Джебтерінің 361-інің 108-і (29,9 пайыз), ал қуатты соқыларының 342-сінің 110-ы (32,2 пайыз) дөп тиген. Ал Альварес отандасымызға жалпы 505 соққы жасап, оның 169-ы соққысы дөп тиген (33,5 пайыз). «Канелоның» джебтерінің 233-інің 55-і тисе (23,6 пайыз), 272 қуатты соққысының 114-і (41,9 пайыз) дөп тиген.
BoxRec мәліметіне сүйенсек, Альварес орта салмаққа ауысқаннан кейін Головкин бұл салмақтағы 1 509 боксшының ішінде екінші орында. Алайда, жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшыға 130 ұпай қосылып, ұпай саны 868 ұпайға жетті. Ал мексикалықтың ұпай әуелгі 1127-ден кеміп, 997 ұпай қалды. Сондай-ақ, Головкин BoxRec порталының Lb for Lb (барлық салмақ бойынша) рейтингінде 1 саты жоғарлап, 4 орынға жайғасты. Мексикалық бұл рейтингіде көш бастап тұр.
Еске сала кетейік, бокс жанкүйерлері 2 жыл сарыла күткен Головкинмен Альварес арасындағы «ғасыр жекпе-жегі» 17 қыркүйек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада өтті. 12 раундқа созылған айқаста боксшылар үш төрешінің 118-110, 115-113, 114-114 есебімен тең түсті.