Статистика комитетінің «Ашық есік күнінде» қажетті ақпаратты алу әдістері таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ғимаратында ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Статистика комитетінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды.
Аталған іс-шараны өткізу статистикалық ақпаратты пайдаланушылар қауымымен кеңірек кездесуге бағытталды. «Ашық есік күні» аясында қатысушылар статистикалық жарияланымдармен, комитеттің www.stat.gov.kz интернет-ресурсының және «Талдау» ақпараттық-талдамалы жүйесінің көмегімен қажетті статистикалық ақпаратты өз бетімен алу әдістерімен таныстырылды.
Шақырылғандарға статистикалық жинақтар, журналдар, кітапшалар және буклеттер түрінде ауқымды тарату материалдары ұсынылды.