Статистика мамандары қазақстандықтардың нақты санын атады

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 1 қаңтарында еліміздегі халық саны 16 млн. 911,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 9 млн. 264,9 мың (54,8%), ауылдықтар - 7 млн. 647 мың адам (45,2%).
None
None

Бұл туралы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов бүгін өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы елімізде халық саны 236,5 мың адамға яғни 1,4 пайызға өскен көрінеді.

Аталған мерзім аралығында республика халқының табиғи өсімі 237,9 (2011 жылдың сәйкес кезеңінде 227,6) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,2 (13,8) адамды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар