Статистикалық мәліметтер бойынша, қыркүйек айында кәсіпкерлердің сенімділігі 1 пайыз көрсеткішке артқан
АСТАНА. Қазанның 12-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Арнайы тексеруден өткен өнеркәсіп кәсіпорындары өткен айлармен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Сөйтіп, кәсіпкерлердің сенімділігі 1 пайыздық көрсеткішке артқан.
Статистика агенттігі таратқан мәліметтерге қарағанда, елдегі өнеркәсіп кәсіпорындарының жетекшілері дайын өнім көрсеткішінің төмендеп, өндірілген өнім көрсеткішінің артқандығын айтып отыр. Олардың пікірлерінше, осының өзі азаматтардың іскерлік белсенділіктерінің артқандығын білдіреді. Өнеркәсіп кәсіпорындары жетекшілерінің бағалауларынша, биылғы жылдың желтоқсан айына дейін азаматтардың іскерлік белсенділіктерінің артуы бойынша айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Сондай-ақ агенттік деректері бойынша, қыркүйек айында сауда кәсіпорындарының белсенділігі де кәсіпкерлердің сенімділік көрсеткіштері де өзгерген жоқ. Сондай-ақ желтоқсанға дейін олардың да іскерлік белсенділіктері артады деуге негіз жоқ.