22:55, 10 Сәуір 2012 | GMT +5
Ставропольде көзі құртылған содырлар мамыр мерекесіне лаңкестік әзірлеген
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Ставропольде өлтірілген содырлар мамыр мерекелеріне және Пасхаға лаңкестік әзірлеген, деп хабарлады РБК.

Екі операция барысында тоғыз лаңкестің көзі құртылды.
9 сәуір күні кеште Нефтекум ауданында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ішінде банда топтарының төрт қатысушысы болған жеңіл автомобильді тоқтатуға тырысты. Содырлар қарулы қарсылық көрсетті. Ұрыс барысында машинадағылардың бәрі өлтірілді, олардың кім екендігі анықталуда. Машина салонында қарулар, оқ-дәрілер және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар табылды. Өткен түнде сондай-ақ Минеральные Воды қаласының көпқабатты үйлерінің біріне тықсырылған тағы бес содыр құртылды.