Стенд атудан әлем кубогы: Максим Коломоец алғашқы алтылыққа енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында стенд атудан лицензиялық әлем кубогы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан командасының мүшесі Максим Коломоец траншеялық стенд бағдарламасы бойынша алғашқы алтылық қатарынан көрінді.
Ерлер арасындағы сында 123 ұпай жинаған Коломоец жалпы есепте алтыншы орынға табан тіреді. Бұл Максимнің маусымдағы үздік көрсеткіштерінің бірі. Руслан Бердов 60-шы, Андрей Могилевский 110-шы орында.
Әйелдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш Сәрсенкүл Рысбековаға тиесілі. Ол 116 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтады.
Мария Дмитриенко 22-ші, Анастасия Давыдова 35-ші сатыда.