Стенд атудан Азия чемпионатында қазақстандықтар 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль ұтып алды

АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда 1-10 қазан күндері стенд атудан Азия чемпионаты өтті. 23 елдің спортшысы қатысқан бұл жарыста Виталий Куликов, Александр Ещенко, Владислав Мухамедиев командалық алтын медальді иеленді.
None
None

Ал әйелдер арасында қазақстандық Эльвира Акчурина, Ангелина Мищук пен ресейлік Светлана Деминаның басын қосқан команда жеңімпаз атанды. «Скит» жаттығуы бойынша Эльвира Акчурина, Жания Айдарханова, Ангелина Мищук күміс жүлдегер атанды. Онда жекелей сында жасөспірімдер арасында Әсем Орынбай алтын, ересектер арасында Эльвира Акчурина, ардагерлер арасында Мейрам Айдарханов күміс жүлдені омырауына тақты. Ал Влад Мухамедиев, Виталий Куликов, Валерий Серов бір-бір қоланы және командалық сайыста тағы бір қоланы ел қоржынына салды.

Соңғы жаңалықтар