Стенд атудан Қазақстан қыздар құрамасы Әлем кубогы кезеңінде алтын алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Стенд атудан Қазақстанның қыздар командасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық спортшылар «Скит» санаты бойынша командалық сайыста топ жарды.
Шешуші кезеңде ел құрамасы Үндістанмен кездесті.
Қазақстан құрамасының сапынан Ольга Панарина, Зоя Кравченко және Рината Насырова жарысқа шықты.
Айта кетерлігі, осыған дейін Зоя Кравченко күміс жүлдегер атанған болатын.