Степногор қаласында 12-ші Ұлттық дельфилік ойындарының ашылуы салтанатты өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласында 12-ші Ұлттық дельфилік ойындарының ашылуы салтанатты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Степногор қаласында 12-ші Ұлттық дельфилік ойындарының ашылуы салтанатты өтті

null
Ұлттық дельфилік ойындар комитеті, Степногор қалалық əкімдігі,  ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің Азаматтық қоғам жəне дін істері бойынша комитеті бірлесіп  ұйымдастырып отырған жарысқа еліміздегі 500 астам талантты жастар қатысып, 19 аталым бойынша бақ сынамақ.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар жəне дипломдармен марапатталады, халықаралық осындай  жарыстарға ел намысын қорғайтын болады.
Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген Степногор қаласының əкімі Əнуар Күмпекеев қатысушыларды аймақ басшысы Сергей Кулагиннің атынан құттықтап, сəттілік тіледі.

null null
Айта кетейік, биылғы жылы 12-ші Ұлттық дельфилік ойындар шеңберінде тұңғыш рет парадельфилік ойындар өтпек. Осының арқасында мүмкіндігі шектеулі талантты жастар екі номинация (хореография жəне ым-ишара арқылы əн айту) бойынша ұлттық жобаға қатысып,  өнерлері ортаға салмақ.  

null