Степногор қаласындағы үйге жарылғыш зат қойылды деген ақпаратқа байланысты 100-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Жарылғыш зат қойылды деген ақпаратқа байланысты көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 100-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды,

Степногор қаласындағы  үйге жарылғыш зат қойылды деген ақпаратқа байланысты 100-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Өткен сәрсенбі, сәуірдің 14-і күні түскі сағат 1 шамасында «02» нөміріне Степногор қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің кіреберісіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді қоңырау келіп түскен.

Тұрғын үйден дереу 112 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, арнайы іс-шаралар өткізілді. Олардың нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.