Степногор қаласының тұрғынынан 8 келі есірткі заты тәркіленді
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Степногор қалалық ішкі істер басқармасы ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің жедел іздестіру тобы Сілеті кентінде 37 жасар жергілікті тұрғыннан салмағы 8 келі есірткі затын тәркілеген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күдікті түн мезгілінде істен шыққан жанар-жағар май құю стансысы маңында тәртіп сақшыларының көзіне түскен. Тексеріс барысында күмәнді зат табылып, сот-химиялық сараптама көрсеткендей, оның есірткі екендігі анықталды.