Степногор тұрғынынан 200 мың теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ, ҚазАқпарат – Степногор қаласының тұрғынынан 200 мың теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Степногор тұрғынынан 200 мың теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, үстіміздегі жылдың 29-ыншы қазанында Степногор қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, бейтаныс адамның 200 мың теңге ақша бопсалағанын айтқан.

«Осыған байланысты ҚР ҚК 194 бабының 2 бөлігі «бопсалау» бойынша Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Зардап шегуші өзінің өмірі мен денсаулығы үшін күдіктің заңсыз талабын келіскен. Алайда, ол қажетті ақша болмаған соң полициядан көмек сұрады», - дейді ведомстводан.

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, үстіміздегі жылдың 1-ші қарашасында жедел - алдын алу шарасы барысында Степногор қаласының 31жастағы тұрғыны ұсталды.

«Күдікті бұрын «ДЗЭДО» спорт түрімен айналысқан. Ер адам өзінің кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп толықтырды ведомстводан.