Степногорда 220 бүлдіршінге арналған балабақша пайдалануға берілді

"Балауса" балабақшасы бұрынғы жетім балалар үйінің ғимаратында орналасқан. Балабақшаның бір ерекшелігі оған жетім балалар да бара алады. Ғимараттың жобалық қуаты 220 балаға арналған болса, қазір кезде 115 бүлдіршінге рұқсат берілген. Балабақшаның өз бассейні бар. Жақында жиһаз тағы басқа қажетті құралдар жабдықтар сатып алу көзделіп отыр.
Қалаға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Сергей Кулагин осы балабақша ұжымымен кездесті.
Айта кету керек, балабақшадағы қызметкерлердің барлығы балалар үйінің бұрынғы тәрбиешілері. Осы орайда, облыс əкімі бұрынғы балалар үйінің барлық қызметкерлері жұмыссыз қалмайтынын атап өтті.
"Олардың бірде-бірі жұмыссыз қалмауы тиіс", - деді С.Кулагин. Сонымен қатар, аймақ басшысы қалада 3-6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз етілгенін атап өтті.