Степногорда бағаны негізсіз көтерген дәріханалар анықталды

СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мен прокуратура қызметкерлері бірлесе отырып Степногор қаласындағы дәріханаларда «Цефтриаксон» және «Ликопид» дәрі-дәрмектерін көтеріңкі бағада сату фактісін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Степногорда бағаны негізсіз көтерген дәріханалар анықталды

Тексеріс барысында «Ликопид» дәрісінің 2 орамасы мен 98 флакон «Цефтриаксон» дәрісі тәркіленіп алынды.

Аталған фактілерде ҚР ӘҚтК 426-б. қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар. Тәркіленіп алынған дәрілік заттар өкілетті органға тексеріс жүргізіп, дәріхана басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.