Степногорда бүтін бір отбасы қарбыздан уланды деген ақпарат жалған болып шықты

 КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногор қаласында қарбыздан уланған отбасы туралы əлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Степногор қалалық ауруханасының бас дәрігері Данияр Қинаятов айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бас дәрігердің сөзінше, соңғы бірер күннің ішінде бүтін бір отбасы түгілі, бір адам да қарбыздан уланып, ауруханаға түспеген.

"Бұл əлеуметтік желі қолданушылардың таратқан қауесеті", дейді бас дәрігер.

Сонымен қатар, əлеуметтік желі арқылы халықты дүрліктіріп отырған ақпаратты ІІД қызметкерлері де жоққа шығарып отыр. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша бүгінгі күні Степногор қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне қарбыздан уланып, көз жұмған адам туралы ешқандай ақпарат түспеген.

Еске сала кетейік, Джамилия Каримова есімді əлеуметтік желі қолданушысы Степногор қаласында бүтін бір отбасы қарбыздан уланғаны туралы ақпарат таратқан. Онда уланған жанұяның отағасы көз жұмып, əйелі мен баласын дəрігерлер əрең аман алып қалғаны жазылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар