14:59, 06 Наурыз 2012 | GMT +5
Степногорда имамдардың кезекті семинары басталды
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысына қарасты Степногор қаласының Паң Нұрмағанбет мешітінде белгіленген жоспарға сәйкес аудан-қала имамдарының кезекті семинары басталды.

ҚМДБ мәліметінше, бұл шараға Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің бұйрығымен арнайы сабақ беру үшін ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің бас маманы Ұтысхан Алтынбек келді. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының орталық мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков және дінтанушы-теолог Асқар Сабдин дәріс өткізетін болады. Төрт күнге жоспарланған семинар барысында Ақида, ислам тарихы бойынша дәрістермен қатар, Ханафи мәзһабы бойынша фиқһ мәселелері қарастырылады. Бұған қоса Степногорск қаласының оқу орындарында студентмен және оқушылармен кездесулер өтеді.