Степногорда жаңа автокөлік кешені ашылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Степногорда қаласында автокөлік кешені ашылып, 15 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Степногорда жаңа автокөлік кешені ашылды - Ақмола облысы

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша қаланың №4 шағын ауданында орналасқан «Авто-Лидер» автокөлік кешенінде автожуу, дөңгелектерді монтаждау тәрізді қызметтер қарастырылған. Оған қоса, 55 көлікке арналған ашық алаң, 56 көлікке арналған жабық автотұрақ пен 20 орындық дәмхана қарастырылған.
null 

Кешеннің иесі кәсіпкер Хасан Абухажиев қала әкімдігінің қолдауымен 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Нысанның ашылуына қатысқан қала әкімі Әнуар Күмпекеев, ардагер Тоқтамыс Сағиев және кешеннің әкімшісі Мария Ысмағұлова құттықтау сөз сөйлеп, ұжымға сәттілік тіледі.

null null