Степногорде жылу беру жүйесі қалпына келтірілді - қала әкімі

Степногор
Фото: Степногор әкімдігі

Степногор қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов жылу жүейсінің жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

- Жылу беруж жүйесі қалпына келтірілді. Алдағы уақытта мұндай жағдай болмайды деп үміттенеміз. Бізде транзиттік құбырлар бар, оларды өзгерту керек. Бұл шамамен 19 км жылу құбырлары, жобалық-сметалық құжаттамасын жасаймыз, содан кейін жаңартуға кірісеміз. 88 км-бұл «Степногорск Теплотранзит» ЖШС тиесілі магистральдық жылу желісі, олар жобаны әзірлеп, несиелеу есебінен жөндемекші. Яғни, қалаға жететін магистральдың өзін кәсіпорын өз қаражаты есебінен жөндеуді жоспарлап отыр, - деді әкім Алпысбай Қайыржанов.

Қала әкімдігі өз кезегінде өткен жылы апат болып, 10-15 үй жылудан ажыратылған 29 км күрделі учаскені қабылдады.

- Апат болған жылу магистралі тозған. Жалпы, қала бойынша желілердің тозуы 82 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта негізінен 2 шағынауданда проблемалар бар. Сонымен қатар, өтінімдерді қабылдауды жалғастырамыз, - деп толықтырды қала басшысы.

1-ші шағынауданға келетін болсақ, онда су ағызылып отырады, өйткені кейбір жерлерде ыстық суда айналым жоқ. Бұл судың айналысы және қатып қалмауы үшін жасалады.

- Қатты аязға байланысты құбырлар қатып қалмас үшін олардан су ағызылып отырады. Бұл жұмыстар жалғасады. Өтінімдерді ПИК төрағалары қабылдайды, олар кейіннен штабқа жолдайды. Қазіргі уақытта ПИК төрағалары үйлерді аралап, тексеру жүргізуде, - деп атап өтті қала әкімі.

Айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін үйлерді жөндеу бойынша тұрғындармен кездесу өткізу жоспарлануда.

Еске сала кетсек, жылу желісінің тозуы салдарынан Степногор қаласында 7-9 шағын аудандар арасында апатты жағдай болды. Коммуналдық қызметтер жедел әрекет еткеніне қарамастан, қатты аяз бен қысымның көтерілуі апатқа әкеліп соқты.

Демеушілік қаражат есебінен тұрғын үйлердің бірінде жоғарғы қабаттағы жылу желісі толығымен ауыстырылды. Қазіргі уақытта жылу беру қалпына келтірілді, ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Үш энергетикалық қазандық және бір су жылыту қазандығы іске қосылған.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram