Степногордегі №69 сайлау учаскесі аумағында сауалнама жүргізілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Степногор қаласының №69 сайлау учаскесі аумағында Exit-pool сауалнамасы жүргізілуде. Оны «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Степногордегі №69 сайлау учаскесі аумағында сауалнама жүргізілуде

Степногорск қаласының №69 сайлау учаскесі 4-шағынаудан, 47/1 мекенжайы бойынша қалалық білім бөлімінің жанындағы «Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» мекемесінің ғимаратында орналасқан.

Сайлаушылардың жалпы саны – 1498 адам. Комиссия мүшелерінің жалпы саны – 7. Сайлау учаскесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған.

Учаскеде дауыс беруге арналған және стационарлық кабиналар орнатылған. Сонымен бірге, тасымалданатын сайлау жәшіктері, ұйымдастыру техникасы, телефон байланысы қамтамасыз етілген.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталған. Сайлау комиссиясына антисептиктер, қорғаныс киімдері, маскалар, бетке арналған экрандар, қолғаптар, қаламдар және термометр берілді.

2016 жылы осы учаске бойынша депутаттар сайлауына қатысу 78,2 пайызды құраған болатын.

Сайлаушылардың негізгі басым көпшілігі денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік қызмет саласының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және өзге да азаматтар.