Степногорск қаласында мемлекеттік мекеме бухгалтері 40 млн теңге жымқырған

АСТАНА. KAZINFORM – Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.

бухгалтер
Фото: Pixabay

Мәлім болғандай, қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражат ұрлағанын анықтағн.

«Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған. Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды ферроқорыту зауытына 700 мың теңге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар