Степногорск қаласында сумен жабдықтау желілері жаңартылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногорск қаласында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, күрделі жөндеу жұмыстары шаһардың бірнеше шағын аудандары мен Заводской және Ақсу кенттерінде қолға алынған.

Заводской және Ақсу ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртуды мердігер ұйым «БаЛи-Строй» ЖШС жүзеге асыруда. Мұнда 93,5 шақырымға жуық желілер жөнделмек. Осы күні бұл құбырлардың 90 пайызы тозған. Жобаның құны 1,5 миллиард теңгеден асады.

Мердігер компанияның прорабы Игорь Карпенконың айтуынша, бүгінгі күні негізгі жұмыстар аяқталған. Жақын арада көшедегі құдықтардан тұрғын үйлерге дейін су таратқыш құбырларды тарту жоспарланған.

Елді мекендерде бұл жұмыстардың 68 пайызы атқарылған. Осы орайда, қала әкімі Әнуар Күмпекеев мердігер жұмысының қарқынын арттыру үшін қосымша топтар енгізіп отыр.

Қала ішіндегі мөлтек аудандарға (4, 6 және 7) келсек, мұнда желілердің 24 шақырымнан астамы қалпына келтірілді. Бүгінгі күні жұмыстың 78 пайызы аяқталған.

«Степногорск су арнасы» АҚ-ның директоры Алексей Гетманов, өз кезегінде сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатқандығын және оны жыл соңына дейін аяқталатындығын жеткізді.

«Бұл бастамадар қала мен елді мекендерді таза ауыз сумен жабдықтауға және санитарлық-ағымды жүйелерін жаңғырту мүмкіндік береді», - дейді Алексей Гетманов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум